"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес және Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы "19" қыркүйектегі №584 қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес Басқарма жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін қорытындыны және конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар дайындайды.