Аймақтағы діни ахуал «тұрақты» деп сипатталады және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынған.
Облыста әділет органына тіркелген 195 мешіт, 15 шіркеу және 3 миссионер діни қызмет атқарады. Облыс бойынша түрлі сала өкілдерінен 119 адамнан құрылған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 9 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мақсатты аудиториямен түрлі форматта 6 494 шара өткізіліп, 70 115 адам қамтылды.
Сонымен қатар, дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестік клубының 4 шарасы өткізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде 14 355 материал жарияланды.