Аймақтағы діни ахуал «тұрақты» деп сипатталады және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынған.
Облыста әділет органына тіркелген 192 мешіт, 15 шіркеу және 2 миссионер діни қызмет атқарады. Облыс бойынша түрлі сала өкілдерінен 105 адамнан құрылған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 1 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мақсатты аудиториямен түрлі форматта 4 566 шара өткізіліп, 52 426 адам қамтылды.
Сонымен қатар, дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестік клубының 3 шарасы өткізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде
8 604 материал жарияланды.