2025 жылдың басынан осы уақытқа дейін басқармаға 15 өтініш келіп түсіп, заңнамамен көзделген мерзімде жауабы берілді. Басқарма басшысының жеке қабылдауында жыл басынан бері 11 азамат болып, заңға сәйкес тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Басқарманың 2025 жылғы 3 сәуірдегі №02-03/40 бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.