Меню

Страницы

Статья

Құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқынын көрді

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасарлары Бахыт Жаханов, Қайрат Нұртай, аппарат басшысы Әділхан Мұхамедияров, қала әкімі Нұржан Ахатов «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының жүзеге асырылуымен, құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.
Алдымен «Қызылорда – Нан» ЖШС нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің құрылысын көрді. Жоба 3 кезеңнен тұрады, І кезең – нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру, ІІ кезең – ұн тарту комбинатын салу, ІІІ кезең - өсімдік майын өндіру.
Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 5 гектар жер телімі берілген. Су және кәріз жүйелерін жеткізу жұмыстарын қаржыландыру қолдау тауып, құрылысы басталды.
Сонымен қатар, технологиялық жабдықтарды импорттау кезінде кедендік баж салудан босату үшін Инвестициялық келісім-шарт жасалды.
Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 80% орындалды. Оған 30-дан астам адам жұмысқа тартылды, 10-нан астам техника жұмылдырылды.
Әрі қарай сол жағалаудағы жаңа стадион құрылысымен танысты. Қазіргі таңда футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Президент саябағының жұмысымен танысты. Мұнда халықтың сұранасына сай автокөлік тұрағы салынады, аумағы гүлзармен көмкеріледі. Парк ішінде 3 аллея, 3 бөліктен тұратын субұрқақ, амфитеатр, бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 4 фудкорт, шағын сәулеттік пішіндер және аттракциондар болады.
Сонымен қатар, «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылы, Жаппасбай батыр көшесі, «Қызылорда-Құмкөл» автожолындағы көлік жолайрығын күрделі жөндеу жұмыстарын да көрді. Айта кетейік, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін 2,9 шақырым жаңа жол салу көзделген. Бұл бағытта да өзен бойындағы қорғаныс бөгеті күшейтіледі. Жобаға 5,3 млрд теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС қолға алған. Төрт жолақты автожолмен қатар, ені 3 метрлік жаяу жүргіншілер жолы салынады.
«Қызылорда-Құмкөл» автожолындағы көлік жолайрығында да күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алған. Жобаның жалпы құны 1 млрд 435 млн теңгеден асады. Жөндеу жұмыстары 5,2 шақырымды қамтиды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Қыран» серіктестігі жүзеге асыруда.

Дата публикации
22 июля 2025
Дата обновления
22 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Есеп
01 октября 2026
Дін саласы бойынша 2026 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Есеп
01 октября 2026
Қызылорда облысының дін істері басқармасына келіп түскен өтініштер бойынша ақпарат (2026 жылғы 3 тоқсан)
Есеп
01 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (2026 жылғы III тоқсан)

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы