2024 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 12 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 7, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 5. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.
Басқарма басшысының міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі
№02-03/58 бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.