Аймақтағы діни ахуал «тұрақты» деп сипатталады және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынған.
Облыста әділет органына тіркелген 186 мешіт, 15 шіркеу және 2 миссионер діни қызмет атқарады.
Облыс бойынша түрлі сала өкілдерінен 95 адамнан құрылған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 1 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мақсатты аудиториямен түрлі форматта 6 398 шара өткізіліп, 112 662 адам қамтылды.
Сонымен қатар, дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестік клубының 5 шарасы өткізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде 5 253 материал жарияланды.