2024 жылдың I тоқсаны бойынша басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 3 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 2, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 1. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.
Басқарманың 2023 жылғы 5 қыркүйектегі №02-03/58 бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.