Қызылорда облысының дін істері басқармасының халықпен жұмыс туралы 2023 жылдың 9 айы бойынша есебі
2023 жылдың 9 айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 16 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 6, заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 10. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.
Басқарма басшысының міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі
№02-03/58 бұйрығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.