2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс туралы есеп
Қызылорда облысы бойынша өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы – 173 адам.
10 ай бойынша - 1 751 шара өткізіліп, оған 22 445 адам қамтылды.
Қарсы насихаттық бағытта жалпы 2 787 материал жарияланды.
Оның ішінде, баспа басылымдарда – 689, әлеуметтік желі парақшаларында – 1 304, интернет сайттарда – 560, өзге де платформаларда – 234 материал.
«Onai» подкаст жобасы аясында 4 бейнетүсірілім, «БАҒА LIKE» бағдарламасы бойынша 1 бейнетүсірілім, «Кезекті сұхбат» рубрикасы бойынша
1 бейнетүсірілім жүзеге асырылды.
2022 жылдың 3 қазанында Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ жанынан «Ғылыми сарапшылық кеңес» құрылып, құрамына 19 адам қосылды.
Кеңес мүшелерімен 2023 жылғы 27 қаңтарда, 16 қазанда 2 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында «Сыр өңіріндегі Ахун, ишандар институты», «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалу тетіктері», «Сыр өңіріндегі діни ағартушылық институты», «Сыр еліндегі ахун, ишандардың құнды жәдігерлері» тақырыптарында баяндамалар жасалып, сыр өңіріндегі ахун, ишандардың ағартушылық жұмысы туралы жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, 2021 жылы «Діни бірлестіктер клубы» (16 мүше) құрылған. Жыл басынан бері 2 кездесу (31 наурыз, 28 сәуір), 2 сенбілік (8 сәуір, 23 қыркүйек), 1 спорттық ойын (25 тамыз) өткізілді.