Дін саласы бойынша 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аймақтағы діни ахуал «тұрақты» деп сипатталады және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынған.

Облыста әділет органына тіркелген 190 мешіт, 15 шіркеу және 2 миссионер діни қызмет атқарады. Облыс бойынша түрлі сала өкілдерінен 105 адамнан құрылған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 1 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мақсатты аудиториямен түрлі форматта 6 607 шара өткізіліп, 60 518 адам қамтылды.

Сонымен қатар, дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестік клубының 4 шарасы өткізілді.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде
6 212 материал жарияланды.

Дата публикации
24 июля 2025