Аймақтағы діни ахуал «тұрақты» деп сипатталады және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынған.
Облыста әділет органына тіркелген 178 мешіт, 15 шіркеу және
2 миссионер діни қызмет атқарады.
Облыс бойынша түрлі сала өкілдерінен 173 адамнан құрылған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 1 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мақсатты аудиториямен түрлі форматта 618 шара өткізіліп, 13 546 адам қамтылды.
Сонымен қатар, дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестік клубының 2 отырысы өткізіліп, клуб жұмысы мен жоспары талқыланды.
Облыстық дін салаларын зерттеу орталығымен әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде күмәнді деп танылған 33 сілтеме
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің дінтану сараптамасына жолданып, қазіргі кезде 8 сілтеме теріс қорытындымен бұғатталды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде 1 060 материал жарияланды.