Қызылорда облысының дін істері басқармасы бойынша 2023 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аймақтағы діни ахуал «тұрақты» деп сипатталады және мүдделі мемлекеттік органдармен бақылауға алынған.

Облыста әділет органына тіркелген 178 мешіт, 15 шіркеу және
2 миссионер діни қызмет атқарады.

Облыс бойынша түрлі сала өкілдерінен 170 адамнан құрылған діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 1 ақпараттық-түсіндірме тобы жұмыс жасайды. Ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен мақсатты аудиториямен түрлі форматта 571 шара өткізіліп, 6 910 адам қамтылды.

Атап өту керек, 2023 жылғы 16 ақпанда ҚМДБ-ның Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы Қызылорда қаласында болып, облыстық жастар ресурстық орталығында «Білім мен тәрбие – егіз ұғым» тақырыбында бойжеткен арулармен кездесу өткізді. Кездесу барысында қыздардың түрлі ғылым-білім меңгеріп, заман талабына сай жан-жақты дамудың маңыздылығын, сауатсыздық пен жат ағым жетегінде кетудің зардабын түсіндірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Марат Нұржанұлы Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында өңір имамдарымен кездесіп, елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды түсіндірді.

Сонымен қатар, дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестік клубының отырысы өткізіліп, клуб жұмысы мен жоспары талқыланды.

Облыстық дін салаларын зерттеу орталығымен әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде күмәнді деп танылған 25 сілтеме
ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің дінтану сараптамасына жолданып, қазіргі кезде 6 сілтеме теріс қорытындымен бұғатталды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дін саласындағы жұмыстарды ақпараттандыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде 509 материал жарияланды (Анықтама: баспа құралдарында – 192, әлеуметтік желі парақшаларында – 188 (57 пост, 131 бейнеөнім), интернет ресурстарда – 112, өзге платформаларда – 17 материал).

Қызылорда облысының дін істері басқармасы бойынша 2023 жылғы I тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
21 апреля 2023