«Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының дін істері басқармасы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» және «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» қызметі бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан өтінім беріліп, облыстық қоғамдық даму басқармасының келісімімен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 2022 жылғы 18 мамырдағы №170/НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізіліп, 2022 жылғы 3 маусымнан бастап «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру» қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталып, рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына өткізілді.