2026 жылдың 9 айында 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда халықтың әр 1000 адамына шаққандағы жалпы өлім-жітім коэффициенті 3,9-ды құрады, 3161 жағдай тіркелді (2025 жылдың 9 айында – 2881 жағдай, 3,5). Өлім-жітім көрсеткіші 11,4 %-ға өсті. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 25,8 %-ға артып, 305 жағдайды құрады (2025 жылдың 9 айында – 239 жағдай, 62,4). Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 2026 жылдың 9 айында 19,0 %-ға артып, өткен жылдың деңгейінде қала отырып, 348 жағдайды құрады (2025 жылдың 9 айында – 294 жағдай). Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2026 жылдың 9 айында 29,7-ні құрады, 243 жағдай тіркелді, бұл 2025 жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,2 %-ға төмендеген (34,6 – 284 жағдай). Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 2026 жылдың 9 айында 0,2-ні құрады, 2 жағдай тіркелді және 2025 жылдың 9 айымен салыстырғанда 250,0 %-ға төмендеді (2025 жылдың 9 айында – 0,7, 6 жағдай).