Қызылорда облысының тұрғындары Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес жыл басынан «СК-Фармация» арқылы 8,3 млрд.теңгеге дәрі-дәрмек жеткізіліп, 2025 жылдың ІІІ-тоқсанында 139 762 науқас 506 110 рецепті арқылы 7,2 млрд теңгеге дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету үшін
2025 жылға бөлінген 776 млн. теңгенің қазіргі таңда 716 млн.теңгеге дәрілік заттары қабылданып, науқастар дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде.
Сондай-ақ, облыс бойынша сирек кездесетін ауру түрлері бар науқастарға «Қазақстан халқына» қоры арқылы 2025 жылдың І-тоқсанында жылы 7 науқас 486,7 млн. теңгеге дәрі-дәрмек жеткізілді.