«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының
Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс
ЖАРИЯЛАЙДЫ
Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Конкурс өткізу күні: 04 наурыз 2024 жыл
Конкурс өткізу орны: индексі 120001, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі, 18 үй, анықтама үшін телефон 8 (7242) 23-05-13, ұялы.тел. 87478245623, e-mail: kzmedicalcollege@mail.ru
Кәсіпорынның орналасқан жері: индексі 120001, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жақаев көшесі, 18 үй, анықтама үшін телефон 8 (7242) 23-05-13, ұялы.тел. 87478245623, e-mail: kzmedicalcollege@mail.ru
Негізгі қызметі: білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызмет көрсету
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның дара басшылық негізінде директор басқарады, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін білім беру қызметінің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Ұйымның қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде қызметтік этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Денсаулық сақтау» және «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсты өткізу күні:
Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіппен әңгімелесуден өтеді.
Байқау кеңесі қағидалардың талаптарына сәйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.