01.01.2023ж.-30.06.2023жж.аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына барлығы 813 өтініш тіркелінді, оның ішінде 628 жеке тұлғалардан, 75 заңды тұлғадан, 124 басшы мен орынбасарларының қабылдауына, 363 қоғамдық қабылдауға түскен өтініштер. Түскен өтініштердің 655 арыз, 37 шағымды, басқа да ұсыныстар-142 (сауал, ұсыныс, үн қату) құрайды. 63 арызданушы өз өтініштерін қарау мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап, ол өтініштер тоқтатылған; Басқа органға қарау үшін жолданғаны-107.
Нәтижесінде көрілген тәртіптік шаралар саны-79 . Оның 3 қатаң сөгіс, 33- сөгіс, 38- ескерту; жұмыстан босатылған-2, қызметінен шеттетілгені-2
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібі 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.