Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2026 жылдың 31 қаңтар айына

2026 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 14 934 616,4 мың теңге. 2026 жылдың қаңтар айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 185 689,0 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 180 994,4 мың теңге, яғни 97,5 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 185 689,0 мың теңгеден игерілгені 180 994,4мың теңге, яғни 97,5 пайыз. Игерілмегені 4 694,6 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен 2026 жылға бөлінген қаржы 4 731982,0 мың теңге.

Дата публикации
10 февраля 2026