2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 240 211,4 мың теңге. 2025 жылы іс жүзінде игерілген қаржы 20 692 956,0 мың теңге, яғни 97,4 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 16 222 907,4 мың теңгеден игерілгені 15 676 916,1 мың теңге, яғни 96,6 пайыз. 545 432,1 мың теңге үнемделген қаржы, 242,7 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы және дәрілік заттын жеткізілмеуінен 316,5 мың теңге игерілмеді.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 5 007 304,0 мың теңгеден 5 006 039,9 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 1 207,8 мың теңге үнемделген қаржы, 56,3 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.