2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 514 416,4 мың теңге. 2025 жылдың қараша айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 13 800 164,7 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 13 796 357,9 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 13 800 164,7 мың теңгеден игерілгені 13 796 357,9 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 3 227,3 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеуінен 101,3 мың теңге және 623,1 мың теңге үнемделген қаржы игерілмеді.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 845 108,0 мың теңгеден 844 963,1 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 144,9 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.