АНЫҚТАМА
2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 514 416,4 мың теңге. 2025 жылдың қазан айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 10 498 048,9 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 10 496 906,7 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 10 005 542,9 мың теңгеден игерілгені 10 004 512,9 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 928,7 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтпеуінен 101,3 мың теңге игерілмеді.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 482 506,0 мың теңгеден 482 393,9 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 112,1мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.