Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қызылорда облыстық тері-венерология диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ

Кәсіпорынның атауы: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық тері-венерология диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, З.Шүкірова көшесі, №7 а индексі 120008
Негізгі қызметі: - Дерматовенерологиялық қызмет көрсету
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); 
      немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
       немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; 
       денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; 
       басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. 
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
          Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Конкурстық  құжаттар 2025 жылғы  10 қазан айынан 24 қазан айына дейін қабылданады. Құжат тапсырудың соңғы күні  24 қазан, сағат 19.00-ге дейін. Құжат қабылдау Қызылорда қаласы, З.Шүкірова көшесі, №7а, 2-қабат  мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Анықтама  алу үшін байланыс  телефоны: 8(7242) 23-55-17.
Әңгімелесу өткізілетін мекен-жайы: Қызылорда қаласы, З.Шүкірова көшесі, №7а, 2-қабат

 

Дата публикации
10 октября 2025