Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2025 жылдың 30 қыркүйек айына

2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 514 416,4 мың теңге. 2025 жылдың қыркүйек айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 9 109 736,0 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 9 106 664,6 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 8 642 008,0 мың теңгеден игерілгені 8 639 149,9 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 761,1 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы, мердігердің орындалған жұмысы бойынша құжатты кеш тапсыруынан 2097,0 мың теңге игерілмеді.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 457 728,0 мың теңгеден 457 514,6 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 213,4 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.

Дата публикации
02 октября 2025