2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 346 353,7 мың теңге. 2025 жылдың тамыз айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 7 446 262,1 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 7 445 184,5 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 7 003 317,1 мың теңгеден игерілгені 7 002 326,6 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 990,5 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 432 945,0 мың теңгеден 432 857,9 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 87,1 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.