2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 346 353,7 мың теңге. 2025 жылдың шілде айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 6 173 093,9 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 6 171 308,3 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 5 755 084,9 мың теңгеден игерілгені 5 753 403,6 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 1 681,3 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 408 009,0 мың теңгеден 407 904,7 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 104,3 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.