«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау саласында 2025-2026 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен, медициналық кадрларды Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) резидентурада даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру үшін қажет етілетін мамандықтардың тізімдемесін мәлімет ретінде жеткізіп отыр.
Резидентурада медициналық кадрларды дайындауға Қызылорда облысы бойынша Жергілікті атқарушы органның (әрі қарай-ЖАО) білім беру грантының клиникалық мамандық бойынша 2025 жылға жоспарланған құрамы төмендегі тізімде ұсынылады:
1. Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)-2 грант;
2. Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)-1 грант;
3. Оториноларингология (ересектер, балалар)-1 грант;
4. Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар)-3 грант;
5. Офтальмология (ересектер, балалар)-1 грант;
6. Жалпы хирургия-1 грант;
7. Урология және андрология (ересектер, балалар)-1 грант;
8. Гастроэнтерология (ересектер, балалар)-1 грант;
9. Неврология (ересектер, балалар)-1 грант;
11. Эндокринология (ересектер, балалар)-1 грант;
12. Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) -1 грант;
13. Радиология-3 грант;
14. Патологиялық анатомия-2 грант;
15. Психиатрия (ересектер, балалар)-1 грант.
Барлығы - Қызылорда облысы ЖАО жергілікті қаражаты есебінен дәрігерлерді резидентурада дайындау үшін 2025 жылға 20 клиникалық мамандық бойынша білім гранты жоспарланды.
Қызметті сатып алудың мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жергілікті атқарушы органның (ЖАО) бюджеттік қаражаты есебінен медициналық кадрларды Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) даярлау.
Сонымен қатар, бұл қызмет ЖЖОКБҰ санатына енетін барлық Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарынына қатысты, олар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру саласындағы заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі-МЖМББС), санитариялық-гигиеналық нормативтер және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ үшін жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жарияланады (бұдан әрі-Конкурс).
Медициналық Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) конкурстық құжаттамасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы №27 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығының 1-қосымшасының 12-тармағына сәйкес, және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда №34551 болып тіркелген «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 21 маусымдағы № 27 бұйрығына сай, ЖЖОКБҰ (білім беру ұйымдары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары) ЖАО-ға 2025 жылғы 23 тамызынан кешіктірілмей, бекітілген Техникалық сипаттамаға сай электрондық форматта конкурстық өтінімді растайтын мынадай құжаттарды қамти отырып, конкурстық өтінім береді береді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық карта;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсыныстары.
5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта.
Білім беру ұйымдары ұсынған конкурстық өтінімге даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия қосымша растайтын құжаттарды сұратады.
Растайтын және қосымша құжаттар үш күн мерзімде ұсынылмаған жағдайда Комиссия білім беру ұйымының өтінімін қабылдамайды;
Конкурсқа қатысу үшін, медициналық ЖОО-лар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММ-ға келесі құжаттармен бірге конкурстық тапсырыс береді:
- электронды форматта uzdr@korda.gov.kz электрондық поштаға ұсынылады;
- конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленіп, ЖОО-ның бірінші басшысының қолы қойылуы тиіс, мөр басылады және хабарландыруда көрсетілген тәртіп бойынша ұсынылуы қажет.
Конкурстық құжаттама Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі Конкурстық комиссиясының отырысында қарастырылады және бағаланады.
(«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММ
Медицина қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру және әкімшілік - құқықтық қамтамасыз ету бөлімі,
мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, № 27 үй, 204 каб).