2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 346 353,7 мың теңге. 2025 жылдың маусым айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 5 105 342,6 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 5 104 692,8 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 4 712 172,6 мың теңгеден игерілгені 4 711 608,0 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 139,2 мың теңге мемлекеттік сатып алу конкурсынан женімпаз анықталмауына байланысты, 425,4 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 383 170,0 мың теңгеден 383 084,8 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 85,2 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.