Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

Конкурс өткізілетін күн: Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30(отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін.
Конкурс өткізілетін орыны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасыныңғимараты, №207 бөлме.
Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекен-жайы және байланыс телефоны: «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,Шалқия кенті,Жібек жолы көшесі, №2А байланыс телефоны: 8 /72435-42230/ e-mail: shalkiytub@bk.ruОблыстық денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Негізгі қызметі:Облыс халқына оңалтудың III - кезеңі бойынша ем шара жүргізеді және медициналық көмек көрсетеді.
Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген 3 (үш) тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылға);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің 35 - бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы. 27-үй мекен-жайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтамаүшінбайланыс телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3007).

Дата публикации
12 июня 2025