2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 21 346 353,7 мың теңге. 2025 жылдың мамыр айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 4 366 011,9 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 4 363 193,3 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 3 997 758,9 мың теңгеден игерілгені 3 995 018,5 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Игерілмегені 150,2 мың теңге өнім беруші тауарды жеткізбеуіне байланысты, 1979,0 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсынан женімпаз анықталмауынан, 611,2 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 358 253,0 мың теңгеден 358 174,8 мың теңге игеріліп, яғни 100,0 пайыз құрады, 78,2 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.