Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізуқұқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесініңмүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтаубасқармасы конкурс жариялайды.

Конкурс өткізілетін күн: конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннанбастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуына дейін.
Конкурс өткізілетін орны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы,мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27 №212 бөлме.
Кәсіпорын атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК, индексі 120001,
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев,18, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-05-13, kzmedicalcollege@mail.ru
Негізгі қызметі: Орта арнаулы білім
Білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) білім беру саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) білім беру саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (3) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Жоғарғы білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, несоңғы жұмыс орнына қабылданған және еңбек шартының тоқтатылғандығы туралы
бұйрықтардың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прократурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелерінен соттылығы және сыбайласжемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігі туралы берілген растайтын құжаттар.Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конверткесалып жапсырады.Бұл конвертте үміткердің аты, жөні, тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Қажетті құжаттар Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй, мекен-жайы бойыншаҚызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтамаүшінбайланыс телефоны: 8 (7242) 40-01-51 (3008), 23-53-41.

Дата публикации
03 июня 2025