Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкесҚызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының
әкімі Н. Нәлібаев

Дата публикации
03 июня 2025