2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 20 265 038,0 мың теңге. 2025 жылдың сәуір айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 3 174 116,4 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 3 173 380,5 мың теңге, яғни 100 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 3 067 252,4 мың теңгеден игерілгені 3 066 682,9 мың теңге, яғни 100 пайыз. Игерілмегені 130,5 мың теңге өнім беруші тауарды жеткізбеуіне байланысты, 439,0 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 96 864,0 мың теңгеден 96 697,6 мың теңге игеріліп, яғни 99,8 пайыз құрады, 166,4 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.