2025 жыл I тоқсан қорытындысы бойынша денсаулық сақтауды цифрландыру

Цифрландыру

Қазіргі таңда, барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылған.
Бүгін де, Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93,6% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау және медициналық құжаттарды ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. PACS жүйесі енгізілуге тиісті 25 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына енгізілген.
«Емханаларға жазудың омниканалдылығы» жобасы 85.1%-ға жүзеге асырылған. 2025 жылдың 3 айының қорытындысымен әр түрлі платформалар
(Egov.kz, Damu.Med)арқылы пациенттердің дәрігерлердің қабылдауына жазылуы бойынша межелі көрсеткішке қол жеткізілді. Жалпы қабылдауға жазылғандар саны 2 276 384, оны ішінде электронды жазылғаны – 1 936 601 жазба. 2025 жылы 88%-ға, 2026 жылы 90%-ға жеткізу жоспарланды.
«Ауруларды диагностикалау және ерте анықтау үшін денсаулық сақтауда жасанды интеллектті қолдану» жобасы жүзеге асырылмады.
Қазіргі уақытта «PACS» жүйесіне рентген пленкасын көру мүмкіндігі қарастырылғанымен, басқа да аруларды анықтау мүмкіндігі жоқ. Жасанды интеллект(ЖИ) арқылы ауруларды диагностикалау және ерте анықтау технологияларымен қамтамасыз етілген медициналық мекемелердің санынын арттыру 2024 жылы 50%-ға, 2025 жылы 70 %-ға, 2026 жылы 100%-ға жеткізу жоспарланды.
Облыстық медициналық ұйымдарға ЖИ арқылы ауруларды диагностикалау және ерте анықтау технологияларын енгізу бағытында ЖИ-ді ұсынушы компаниялармен кездесулер ұйымдастырылып, межелі көрсеткішке жету жолдары қарастырылуда.

Дата публикации
14 апреля 2025