Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2025 жылдың 31 наурыз айына

АНЫҚТАМА

2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 20 265 038,0 мың теңге. 2025 жылдың наурыз айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 2 358 708,5мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 2 356 768,4 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 2 276 709,5 мың теңгеден игерілгені 2 274 917,9 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Игерілмегені 1273,0 мың теңге келісім шарт тіркелмеуінен , 518,6 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 71 999,0 мың теңгеден 71 850,5 мың теңге игеріліп, яғни 99,8 пайыз құрады, 148,5 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға бөлінген 10 000,0 мың теңге игерілді.

Дата публикации
14 апреля 2025