2025 жылдың 28 ақпан айына АНЫҚТАМА
2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 20 265 038,0 мың теңге. 2025 жылдың ақпан айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 1 771 201,9 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 1 769 809,7 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 724 011,9 мың теңгеден игерілгені 1 722 996,6 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Игерілмегені 1015,3 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 47 190,0 мың теңгеден 46 813,1 мың теңге игеріліп, яғни 99,2 пайыз құрады, 376,9 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға 10 000,0 мың теңге бөлінді.