Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорнында байқау кеңесінің 3 (үш)мүшенің лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорнында байқау кеңесінің 3 (үш)мүшенің лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс өткізу күні:Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз)күнтізбелік күн ішінде.
Конкурс өткізу орны:Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 27, 2-қабат, 207 кабинет. Қызылордаоблысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты.Анықтама телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3007, 3030).
Орналасқан жері: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылықжүргізу кұқығындағы коммуналдық кәсіпорны. Индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Иса Тоқтыбаев атындағы көшесі №13.
Байланыс телефоны: 8/72436/21-178,электронды пошта: syrdarinskayacrb@mail.ru
Негізгі қызмет түрі:Сырдария ауданы халқына медициналық қызмет көрсету болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімнің, сондай-ақ мынадайталаптардың болуы:
1. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнесжәне (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнесжәне (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3. Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) кұқық саласындағы коғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсты өткізу туралы хабарламажарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1. Конкурска қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2. Мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3.Өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6. Қазакстан Республикасы Енбек кодексінің талабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқык бұзушылықтары жоқекендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымшаақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағыжұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа», деп белгіленген конвертке салып мөрлейді.
Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) ________________________ коммуналдық кәсіпорныныңбайқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және _____________дейін ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде үміткер ұсынған құжаттарды қарайды және үміткердің Талаптарға сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
Конкурстық комиссия жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша әңгімелесу күнін, уақытын және ол өткізілетін жерді көрсете отырып, шақыру жіберілетін, Талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн: Осы хабарландыруды мерзімді басылымда жариялаған күн.

Дата публикации
26 февраля 2025