Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2025 жылдың 31 қаңтар айына

АНЫҚТАМА

2025 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 20 207 042,0 мың теңге. 2025 жылдың қаңтар айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 251 996,0 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 247 510,0 мың теңге, яғни 98,2 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 231 164,0 мың теңгеден игерілгені 231 006,2 мың теңге, яғни 99,9 пайыз. Игерілмегені 157,8 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 20 832,0 мың теңгеден 16 503,8 мың теңге игеріліп, яғни 79,2 пайыз құрады, 4 328,2 мың теңге игерілмеды. Мемлекеттік сатып алу порталынан келісім шарт жасалмауынан 4 266,0 мың теңге игерілмеды.Бүгінгі күні жұмыстар жасалуда.62,2 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.

 

Дата публикации
06 февраля 2025