Конкурс өткізілетін күн: Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін.
Конкурс өткізілетін орыны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты, №212 бөлме.
Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны:120008,«Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №73 ғимарат, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-04-51, e-mail:crb_janakorgan@mail.ru.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттіккәсіпорны.
Негізгі қызметі:Тіркелген халыққа алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету.
Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар: жоғары білімнің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптардың бірінің:
1) Денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) Денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) Денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Кодекстің35-бабындакөрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні,тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап
30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй мекен-жайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтамаүшінбайланыс телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3007), 23-53-41