«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшесіне 3 лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшесіне 3 лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу күні:Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз)күнтізбелік күн ішінде.
Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 27, 2-қабат, 207 кабинет. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты.Анықтама телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3007, 3030).
Орналасқан жері: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Индекс 120014, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абылхайырхан 38.
Байланыс телефоны: 8/7242/27-86-31, электронды пошта: poliklinika-1@mail.ru.
Негізгі қызмет түрі қала халқына амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын көмек көрсету.
Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар: жоғары білімнің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптардың бірінің:
1) Денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) Денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) Денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға \3\ конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариялды расталған көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының нотариалды расталған көшірмесіне соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні,тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй мекенжайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3008), 23-53-41.

Дата публикации
21 января 2025