Цифрландыру
Қазіргі таңда, аудандық деңгейге дейінгі және аудандық деңгейден төмен барлық медициналық ұйымдар компьютермен 100%-ға және кемінде 4 Мбит/с интернетпен 93,2%-ға қамтылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен қамтылған. Бүгінде, Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93,6% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған. 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша (01.01-31.12.2024ж.) қорытындысы бойынша телемедициналық кеңестер саны 972-ні құрады. Оның ішінде республикалық орталықтармен: кеңестер саны – 80, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен – 892.
Зерттеу нәтижелерін жоғалту жағдайларының алдын алу, сондай-ақ қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау және медициналық құжаттарды ұзақ және тұрақты сақтау мақсатында «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 25 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы негізгі міндет Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін бүгінгі таңда e-Health электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жүзеге асырылуда, оның аясында азаматтар денсаулығының ұлттық электрондық паспортын қалыптастыруды, микросервистік архитектураны пайдалануға көшуді және эталондық деректер базасын құруды қамтамасыз ету жоспарлануда.