Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2024 жылдың 31 желтоқсан айына

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2024 жылдың 31 желтоқсан айына

АНЫҚТАМА

2024 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 14 064 680,7 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 13 834 409,9 мың теңге, игерілмегені 230 270,8 мың теңге, яғни 98,4 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 13 306 479,7 мың теңгеден игерілгені 13 076 307,9 мың теңге, яғни 98,3 пайыз. Игерілмегені 230 171,8 мың теңге, оның ішінде 217 013,6 мың теңгеге өттегі стансасына мемлекеттік сатып алу конкурсы 3 мәрте жүргізіліп, женімпаз анықталмады, 12 771,4 мың теңгеге "СҚ-Фармация" ЖШС обаға қарсы вакцинасын жеткізбеуіне байланысты игерілмеді, 49,9 мың теңге үнемделген қаржы және 336,9 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 229 236,0 мың теңгеден 229 137,7 мың теңге игеріліп, 98,3 мың теңге игерілмеды, яғни 100,0 пайыз құрады. Мемлекеттік сатып алу порталында жаңарту кезінде форматно-логикалық бақылау тізімінен Облыстық мамандандырылған сәби ұйымның атауы жойылуына байланысты медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жарналарына бөлінген 52,0 мың теңге игерілмеді, 46,3 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
ҚР үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен төлем жоспарына қаралған 488 445,3 мың теңгеден игерілгені 488 444,7 мың теңге, яғни 100 пайыз.
Жергілікті атқарушы органы резервінің есебінен төлем жоспарына қаралған 40 519,7 мың теңгеден игерілгені 40 519,7 мың теңге, яғни 100 пайыз.

Дата публикации
06 января 2025