«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшесінің лауазымын атқаруға Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшесінің лауазымын атқаруға Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

Конкурс өткізілетін күн: конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30(отыз) күнтізбелік күннің аяқталуына дейін.
Конкурс өткізілетін орны:Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, 2-этаж,
207 бөлме.
Кәсіпорын атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны:«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы» шаруашылық жүргізу ұқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны,индексі 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 12, байланыс телефоны: 8 (7242) 21-48-29, e-mail: opc_korda@med.mail.kz
Негізгі қызметі:облыс халқына стационарлық, стационарды алмастыратынжәне консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету.
Бақылау кеңесінің мүшесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптарыныңбірінің:
1. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірбиесінің;
2. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірбиесінің;
3. Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралыхабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғарғы білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6. 2015 жылғы 23қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек ызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7. Қазақстан Республикасы Бас прократурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) "_____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және "____________ дейін ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Қажетті құжаттар Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй,207 бөлме мекенжайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.Анықтама үшін байланыс телефоны:
8 (7242)40-04-51 (3030, 3037).

Дата публикации
04 декабря 2024