Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2024 жылдың 30 қараша айына

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2024 жылдың 30 қараша айына

АНЫҚТАМА

2024 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 14 040 027,5 мың теңге. 2024 жылдың қараша айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 10 034 949,6 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 9 979 527,7 мың теңге, яғни 99,4 пайыз. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 9 318 204,1 мың теңгеден игерілгені 9 281 013,1 мың теңге, яғни 99,6 пайыз. Игерілмегені 37 191,0 мың теңге, оның ішінде 37 012,0 мың теңге игерілмеді, себебі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N148 Заңына(19.04.2024 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен) және ҚР ДСМ 20.09.2024 жылғы №01-1-11/10922 хатына сәйкес ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жұмысқа келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді қамтамасыз етеді.Төлемді қамтамасыз ету облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің құзыретінде.Жоғарыда айтылғандарға байланысты ағымдағы жылдың қазан айында Қызылорда облысы бойынша қоғамдық кеңеске өзгерістер енгізу туралы хат жолданды, бірақ қолдау көрсетілмеді. Қазіргі уақытта хат қайта жіберіліп, жұмыстар жасалуда, 179,0 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 228 300,0 мың теңгеден 210 070,0 мың теңге игеріліп, яғни 92,0 пайыз құрады, 18 230,0 мың теңге игерілмеды. Келісім шарт жасалмауынан 18 183,0 мың теңге игерілмеды. Себебі, мемлекеттік сатып алу порталында жаңарту кезінде форматно-логикалық бақылау тізімінен ұйымның атауы жойылды. Тізімге қайта қосу үшін ҚР Қаржы министрлігіне өтінім берілді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолданды.Бүгінгі күні жұмыстар жасалуда.
ҚР үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен төлем жоспарына қаралған 488 445,5 мың теңгеден игерілгені 488 444,7 мың теңге, яғни 100 пайыз.

Дата публикации
05 декабря 2024