Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2024 жылдың 31 қазан айына

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2024 жылдың 31 қазан айына

АНЫҚТАМА

2024 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік
бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 14 142 784,2 мың теңге. 2024 жылдың
қазан айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 8 067 626,0 мың
теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 8 050 923,3 мың теңге, яғни 99,8 пайыз.
Оның ішінде:
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына
сәйкес 7 491 156,5 мың теңгеден игерілгені 7 491 014,1 мың теңге, яғни 100
пайыз. Игерілмегені 142,4 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен берілетін трансферт есебінен бөлінген
қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 207 468,0 мың теңгеден 190 907,7 мың
теңге игеріліп, яғни 92,0 пайыз құрады, 16560,3 мың теңге игерілмеды. Келісім
шарт жасалмауынан 16 516,0 мың теңге игерілмеды. Себебі, мемлекеттік сатып
алу порталында жаңарту кезінде форматно-логикалық бақылау тізімінен
ұйымның атауы жойылды. Тізімге қайта қосу үшін ҚР Қаржы министрлігіне
өтінім берілді.Бүгінгі күні шарт жасауға жұмыстар жасалуда.
ҚР үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен
төлем жоспарына қаралған 369 001,5 мың теңгеден игерілгені 369 001,5 мың
теңге, яғни 100 пайыз.

Дата публикации
07 ноября 2024