«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы
бос лауазымына орналасуға ашық конкурс
ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Кәсіпорынның атауы:«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120009,Қызылорда қаласы, Балқы Базар көшесі, №1а.
Негізгі қызметі: Кәсіпорын қызметінің мақсаты азаматтардың медициналық қызметтегі қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жәнеденсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметтер атқару болып табылады.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның дара басшылық негізінде бас дәрігер басқарады,оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Қызметтік міндеттері:
Кәсiпорынның бас дәрігері кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады, бас дәрігер дара басшылық қағидаттарында әрекет етедi және кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғысында айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi, кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды, мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілген диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағылардың жетілдіруді қамтамасыз етеді, білікті қадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды, кәсіпорын жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды, әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасауды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді, эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды және эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды, гигиеналық нормативтерді сақтауды, медициналық этиканың орындалуы, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді,кәсіпорынның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді, кәсiпорынның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар жасасады және өзге де мәмiлелер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады, кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғысында өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады, тиiстi саланың уәкiлеттi органы басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы оның Жарғысында белгiленедi, белгiленген еңбекақы төлеу қоры шегiнде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестенi, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерiн, кәсiпорынның қызметкерлерiне сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн бекiтедi, өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына кандидатуралар ұсынады, өзiнiң орынбасарлары мен кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi,Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат), денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты жәнеденсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жылболуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстерін, ҚазақстанРеспубликасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы""Мемлекеттік сатып алу туралы", «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.
Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) денсаулық туралы белгіленген нысандағы анықтама.Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.) беруіне болады.
Байқау кеңесі қағидалардың талаптарына сәйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастапекі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 07 қарашадан бастап,
Құжат қабылдаудың соңғы мерзімі: 21 қараша, сағат 17:00 ге дейін