ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны«шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорны«шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы:«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы  коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорны.
Конкурс өткізу күні: 15қараша  2024 жыл.
Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы Абай даңғылы № 27, «Денсаулық сақтау үйі» 4 қабат, мәжіліс залы. Анықтама телефоны: 8 (7242) 40-04-51Email: uzdr@korda.gov.kz
Кәсіпорынның орналасқан жері:Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр 3 км көшесі№102-В
Негізгі қызметі: стационарлық және стационарлық көмекті алмастырушы медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, тіркелген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық  көмек және консультациялық - диагностикалық қызмет көрсету болып табылады.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының  «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның дара басшылық негізінде бас дәрігер басқарады, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді  пайдалануына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелеріне  жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу  және  профилактикалық көмектің  тиімділігі  мен  сапасын  одан  әрі  арттыруға, көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  бағытталған  персонал жұмысының  жаңа  ұйымдастырушылық  нысандары мен әдістерін  енгізуді  және  қолданыстағыларын  жетілдіруді  қамтамасыз  етеді.
Ұйымның  құрылымдық  бөлімшелерінің  тиімді  өзара  іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық  қызметтерді  дамытуға  және  жетілдіруге  бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан  сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті  кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін  ұтымды  пайдалану, өмір мен денсаулық  үшін  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал  қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін  бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде  ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды  қамтамасыз  етеді, қызметкерлердің  еңбек  уәждемесін, бастамасы мен  белсенділігін  дамытуға  ықпал  етеді. 
Санитарлық-эпидемиологиялық  жағдайларды  зерделеу және  бағалау  жөніндегі  жұмысты  үйлестіреді, адам денсаулығына  қолайсыз  әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша  пәрменді  шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың  жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен  гигиеналық  нормативтердің  сақталуын  жедел  және  зертханалық – аспаптық  бақылауды  және  қадағалауды  ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде  қаржы-шаруашылық  басқару, шарттық  және  қаржылық  тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеу  мәселелеріне  медициналық этика, заңдылық  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа  қабылдауды  және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзіретіндегі мәселелер бойынша  барлық  қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық  пайдаланудың  орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің  сақталуын  қамтамасыз  етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін  қамтамасыз  етеді.
Білуі керек:  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының  1997 жылғы  11 шілдедегі  «Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы» заңы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық  және  ұйымдастырушылық  аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы – экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық  әдістері және ұйым қызметін  талдау;
медициналық қызметтер  нарығының  конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам  ресурстарын  басқарудағы  үздік  тәжірибелер;
халық денсаулығының  жай-күйін  сипаттайтын  статистиканы, өлшемшарттар мен  көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық  тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік  қағидалары мен  нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
 Біліктілікке  қойылатын  талаптар:
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік  санаттарын беру  туралы  куәліктер; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары  білім  және  (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Денсаулық сақтау» және «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time  дәрежесі; денсаулық  сақтау саласындағы  менеджер сертификатының болуы;  денсаулық  сақтау  саласындағы  басшылық  лауазымдардағы  жұмыс  өтілі кемінде  2 жыл;
Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші  (жоғары)  біліктілік  санатына  қойылатын  жалпы  талаптарға  сәйкестігі, клиникалық  практикаға  жіберу  үшін  маман сертификаты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат), денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты жәнеденсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жылболуы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстерін, ҚазақстанРеспубликасының  "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы""Мемлекеттік сатып алу туралы", «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.
Сондай-ақ,  мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы ШЖҚ КМК-не  келесі құжаттарды тапсырады:
конкурсқа қатысу туралы өтініш;
мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
еркін нысанда жазылған өмірбаян;
білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
денсаулық туралы белгіленген нысандағы анықтама.Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.) беруіне болады.
Байқау кеңесі қағидалардың талаптарына сәйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастапекі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2024 жылдың 31 қазанынан бастап,
Құжат қабылдаудың соңғы мерзімі: 15 қараша, сағат 17:00 ге дейін

Дата публикации
31 октября 2024