Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.
Конкурс өткізілетін күн: конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуына дейін.
Конкурс өткізілетін орны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27 №212 бөлме.
Кәсіпорын атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК, индексі 120000,
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт Н.Назарбаев даңғылы №66, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-20-26, e-mail: polik_3@med.mail.kz
Негізгі қызметі: Азаматтардың денсаулығын тұрақты түрде жақсартуға бағытталған қол жетімді, сапалы медициналық көмекті көрсету.
Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптарының бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Жоғарғы білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнына қабылданған және еңбек шартының тоқтатылғандығы туралы
бұйрықтардың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прократурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелерінен соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігі туралы берілген растайтын құжаттар. Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні, тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Қажетті құжаттар Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй, мекен-жайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7242) 40-01-51 (3008), 23-53-41.

Дата публикации
19 сентября 2024