Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

         Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс  жариялайды:

          Кәсіпорынның атауы: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№4 қалалық емханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

         Мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы индексі 210018, Тасбөгет кенті Шахмардан Есенов көшесі, 38б.

         Негізгі қызметі: Тіркелген халыққа алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсету.

          Лауазымдық міндеттері:

           Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен  тиімді  пайдалануына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық  қызметінің  нәтижелеріне  жауапты болады.

         Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу  және  профилактикалық көмектің  тиімділігі  мен  сапасын  одан  әрі  арттыруға, көрсетілетін  қызметтердің  сапасы мен  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  бағытталған  персонал жұмысының  жаңа  ұйымдастырушылық  нысандары мен әдістерін  енгізуді  және  қолданыстағыларын  жетілдіруді  қамтамасыз  етеді.

         Ұйымның  құрылымдық  бөлімшелерінің  тиімді  өзара  іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық  қызметтерді  дамытуға  және  жетілдіруге  бағыттайды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан  сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

         Ұйымды білікті  кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін  ұтымды  пайдалану, өмір мен денсаулық  үшін  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал  қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін  бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде  ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды  қамтамасыз  етеді, қызметкерлердің  еңбек  уәждемесін, бастамасы мен  белсенділігін  дамытуға  ықпал  етеді. 

         Санитарлық-эпидемиологиялық  жағдайларды  зерделеу және  бағалау  жөніндегі  жұмысты  үйлестіреді, адам денсаулығына  қолайсыз  әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша  пәрменді  шаралар қабылдайды.

        

 

 

         Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың  жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен  гигиеналық  нормативтердің  сақталуын  жедел  және  зертханалық – аспаптық  бақылауды  және  қадағалауды  ұйымдастырады.

         Ұйым қызметінде, оның ішінде  қаржы-шаруашылық  басқару, шарттық  және  қаржылық  тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеу  мәселелеріне  медициналық этика, заңдылық  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  етеді.

         Қызметкерлерді жұмысқа  қабылдауды  және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзіретіндегі мәселелер бойынша  барлық  қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

         Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық  пайдаланудың  орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің  сақталуын  қамтамасыз  етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін  қамтамасыз  етеді.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

медицина саласында жоғары білімінің; "Қоғамдық денсаулық сақтау" "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

        денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы",  "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, «Мүлік туралы» Қазақстан Респуликасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын, Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік- құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.

            Сондай–ақ,  мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.

           

 

 

             Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына  келесі құжаттарды тапсырады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • денсаулық туралы №075 белгіленген нысандағы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Құжаттарды  қабылдау  мерзімі   2023 жылғы  6 қараша, құжат қабылдаудың соңғы күні -   2023 жылғы  20 қараша,  сағат 17:00-ге дейін.

Анықтама  алу үшін  байланыс телефоны:  8 – (7242) – 21-58-03.

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 октября 2023