ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:
Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы индексі 120008, Ш.Есенов көшесі №6
Негізгі қызметі: Қызылорда облысының халқына мамандандырылған стационарлық көмек көрсету.
Бос лауазым: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дара басшылық негізінде директор басқарады, ол жоғарғы атқарушы органымен тағайындалады.
Қызметтік міндеттері:
Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды.
Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды.
Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады.
Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
медицина саласында жоғары білімінің;
"Қоғамдық денсаулық сақтау" "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;
денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;
денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы және ерекше бөлімдер), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, «Мүлік туралы» Қазақстан Респуликасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын, Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.
Сондай –ақ, мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Мемлекеттік кәсіпорнының басшысын тағайындау «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 27 мамырдағы №ҚР ДСМ – 58/2020 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды тапсырады:
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.) беруіне болады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе мекеменің www.gov.kz. интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде құжаттарды қабылдауды сақтау күніне дейін он бес күнтізбелік күн бұрын жарияланады.
Осы қағидалардың талаптарына сәйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін, комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік 3 күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында, яғни _23_ қазаннан бастап қабылданады. Құжаттардың соңғы тапсыру күні __6_ қараша 2023 жыл сағат _17_: 00__-ге дейін тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесу өткізілетін мекен-жайы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Мекен – жайы: Қызылорда қаласы, Ш.Есенов көшесі №6.
Тел: 8 (7242) 25-03-71
E-mail: korda_optd@mail.ru